Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 15 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы $2 млрд асты

2018 жылғы 15 ақпан 08:42 1012
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы $2 млрд асты

ТАШКЕНТ - 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл туралы Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев ҚР Президентінің Жолдауына арналған конференция барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның Сыртқы істер министрі ИЫҰ-ның Палестина жөніндегі саммитінде сөз сөйледі Қазақстан мен Парагвай екіжақты серіктестік мәселесін талқылады

«Бұл расында да үлкен көрсеткіш және бұл біздің 2017 жылды нәтижелі аяқтағанымызды білдіреді. Біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы 30% өсті. Осындай жетістіктерге қарамастан біз жақын арада тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл ретте біз түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты арттыруға бағытталған нақты мәселелерді талқыладық»,-деп атап көрсетті Ерік Өтембаев.

Сонымен қатар, шара барысында қазақстандық дипломат қонақтардың назарын екі ел арасындағы ынтымақтастықты мұнай химиясы мен агросекторда дамытудың маңыздылығына аударды.

«Біз сондай-ақ мұнай химиясы мен химия кластерін дамыту мәселелерін талқыға салдық. Бұл мәселелер жаңа кәсіпорындардың жұмысына серпін береді. Сондай-ақ бірқатар мәселелер агросекторды дамытумен байланысты болды. ҚР Президенті өзінің Жолдауында агросектордағы өнімділікті арттыру мен экспорттық әлеуетті арттыру мәселесін көтерген болатын. Бұл ретте Өзбекстан мен Қазақстан жақсы үлгі болып отыр. Бізде қазір агроиндустриалды саланы нығайту мен жаңа технологияларды енгізуге бағытталған бірқатар жобалар бар»,-деді Е.Өтембаев.

Қазақстандық дипломат машина құрылысы саласындағы бірлескен жетістіктер туралы ерекше айтып өтті. Оның сөзінше, Қазақстанда «Ravon» көліктерін шығаратын зауыт осы жетістіктердің жарқын дәлелі.

«Бұл бағытта біз үлкен серпіліс жасап отырмыз, яғни біз машина құрылысы саласындағы мәселелерді шешіп, автомобиль өндірісін дамыта бастадық. Осылайша, Қостанайда, Өзбекстан өкілдерімен бірлесіп, «Ravon» көліктерін шығарудамыз. Биыл осы көліктердің санын жылына 7 мыңға жеткізуді көздеп отырмыз»,-деп түйіндеді ол.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы  млрд асты

 


Бөлісіңіз:

Аударма:

Айдар Оспаналиев

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат