Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд долларды құрады

Фото:
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың төрт айының қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сыртқы сауда әріптестерінің үштігіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында елдегі сыртқы сауда айналым 19,6 миллиард долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 миллиард долларға немесе 13,4 пайызға өскен.

Сыртқы сауда айналымының ең үлкен көлемі Қытаймен – 3,3 млрд доллар (жалпы көлемнің 17%), Ресей – 2,9 млрд доллар (15,1%), Қазақстан – 1,5 млрд доллар (7,7%), Түркия – 1 млрд доллар (5,4%) және Корея Республикасы – $0,8 млрд (4,1%).

Жалпы тауар айналымы құрылымында Өзбекстан Қазақстанға 426,8 миллион долларға тауар экспорттаса, импорт 1080 миллион долларды құрады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2022 жылдың соңына қарай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты тауар айналымы 5 миллиард долларға жеткен.

Мәдибек Жәнібеков


Соңғы жаңалықтар