Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімнің маңызы артып келеді - И. Каримов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімнің маңызы артып келеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы кездесу

барысында Өзбекстан Президенті Ислам Каримов мәлім етті. «Біз Өзбекстанда тарихи қалыптасқан және өмірмен дәлелденген достық көршілік қатынастарды жоғары бағалаймыз. Халықтарымыздың түп-тамыры, тілі мен дәстүрлері, ортақ мүдделері бізді бұрыннан байланыстырып келеді. Бүгіндегі әлемдегі күрделі ахуал мен проблемаларды ескере отырып, тереңде жатқан байланыстарымызды ұмытпай, бізге ортақ құндылықтар дамып, нығаюы үшін барлығын істеуіміз қажет»,-деді И. Каримов.

Сонымен қатар Өзбекстан басшысы Қазақстанмен арадағы стратегиялық келісім туралы айта келе, «әлемде және өңірде қалыптасып отырған жағдай бұл Келісімнің өзектілігін арттыра түсті»,-деді.

Соңғы жаңалықтар