USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық байланыстар туралы Декларацияға қол қойылды

2021 жылғы 6 желтоқсан 16:46
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық байланыстар туралы Декларацияға қол қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық байланыстар туралы Декларацияға қол қойды. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Лондонда шетелдік сарапшылар Қазақстандағы оқиғаларды талқылады Мұхтар Тілеуберді: Қазақстанның сыртқы саясаты өзінің негізгі қағидаттарын ұстануда Қарағандылық жастар Президент реформаларына қолдау білдірді


Айта кетейік, бүгін Қазақстан және Өзбекстан Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізген болатын.

«Бүгін біз мемлекетаралық қатынастардың мәртебесін одақтастық деңгейіне дейін көтеруге уағдаластық. Жаңа ғана осы мәселе бойынша пікір алмасып, мұның елдеріміз арасындағы мүлдем жаңа сапалы деңгей екенін атап өттік. Әрине, одақтастық қатынастар мемлекеттерімізге ерекше міндет жүктейді. Мен мемлекетаралық кеңес құру жөнінде ұсыныс айттым. Осы кеңес аясында біз қажетсіз ресмиліктен тыс, іскерлік негізде жиі бас қоса аламыз», – деді Қазақстан Президенті.

Ал Өзбекстан Президенті екі ел арасындағы орнатылған жақын әрі бауырластық байланыстарды жоғары бағалады.

«Біз көп қырлы ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелері бойынша мүдделеріміз бен ұстанымдарымыздың ортақ екенін тағы да дәлелдедік. Елдеріміз арасында орнатылған жақын әрі бауырластық байланыстарымызды жоғары бағалаймыз. Жаңа ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтарымыздың осы сапарға ризашылық танытып жатқанын айтты. Шын мәнінде, шекара маңындағы екі елдің де тұрғындары қатты қуанады. Себебі біз жиі кездескен сайын өзара қатынастарымыз жақсара түседі. Машина жасау, энергетика, электротехника, химия, жеңіл өнеркәсіп, банктер және басқа да салардағы кооперация бойынша сәтті шыққан жобаларымыз бар, – деді Өзбекстан Президенті.

Еске салайық, екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша одақтастық байланыстар туралы Декларациядан бөлек, ресми делегациялардың мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT