Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұшақтар жиі қатынайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан авиациялық билік органдарының қол жеткізген келісімдері нәтижесінде екі ел арасындағы әуе рейстерінің жиілігі артатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінен хабарлағандай, халықаралық әуе тасымалын дамыту бойынша тұрақты жұмыс жалғасып жатыр.

«Мәселен, 2019 жылғы көктем-жаз навигациясы бастала салысымен «Эйр Астана» және «O'zbekiston Havo Yo'llari» әуе компанияларының әрқайсысы Алматы мен Ташкент бағытындағы рейстерді аптасына 7-ден 10-ға дейін және Астана-Ташкент бағытындағы рейстерді аптасына 4-тен 6-ға дейін көбейтеді. Осылайша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстерінің жалпы саны аптасына 22-ден 32 рейске дейін артты. Рейсетр E190 және A320 типті ұшақтармен орындалады», - деп хабарлады комитеттен.

Әуе рейстерінің көбеюі бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан жылын табысты өткізуге мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар