Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 9 °С
Алматы: 15 °С
USD 327.11 EUR 386.74
RUB 5.34 CNY 51.37
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды

2017 жылғы 24 мамыр 10:41 1166
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында билетті сатып алу мерзіміне қарай Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қатынайтын және Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы жүретін пойыздарға жеңілдіктер енгізілетінін хабарлайды.

Аталған жеңілідктер 2017 жылдың 27 мамыры мен 28 желтоқсанына дейін төмендегідей көлемде қарастырылған;

Купе және СВ вагондар үшін:
• Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 45 пайыз жеңілдік.
• Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 35 пайыз жеңілдік.

Плацкарт вагондар үшін:

• Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз жеңілдік.
• Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 25 пайыз жеңілдік.

«Бұл жеңілдіктер бір мемлекет ішіндегі бағыттарда және бір топ жолаушылар бірге билет алған жағдайда қолданылмайды»,-делінген хабарламада.

 

 


Басты сөздер: Логистика, Көлік, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат