Қазақстан мен Өзбекстан арасында қандай бірлескен жобалар іске асуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 2021 жылғы қаңтар-сәуірде екіжақты тауар айналымы $1,2 млрд құрады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы табысты өнеркәсіптік кооперацияның бір мысалы бірлескен жобалар – Қостанай қаласындағы «Chevrolet» маркалы автомобильдер өндірісі, Түркістан қаласындағы тігін фабрикасы, Шымкент қаласындағы тоқыма фабрикасы және т. б. болып табылады. Қазіргі уақытта медициналық бұйымдар (Шымкент қ.), автоклавты газобетон (Ташкент облысы), «SAZ» маркалы автобустар (Қостанай қ.), «HOWO» жүк автомобильдері (Саран қ.), «Hyundai» маркалы автомобильдерді құрастыру (Үргеніш қ.), ас үй плиталары мен су жылытқыштар (Түркістан қ.) өндірісі сияқты бірлескен жобалар іске асырылуда.

Екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейту аясында ағымдағы жылы 8 маусымнан бастап «Өзбек әуе желісі» Алматы мен Самарқанд қалалары арасында жолаушылар әуе тасымалын бастайды, ал биылғы 21 маусымда «Fly Arystan» қазақстандық компаниясы «Түркістан – Ташкент» бағыты бойынша тұрақты рейстер ашады. Өзбекстан — Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі — ӨР үлесі ҚР-ның Орталық Азия елдерімен сыртқы саудасының 65%-ға жуығын құрайды. 2021 жылғы қаңтар-сәуірде екіжақты тауар айналымы $1,2 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 41,3%-ға және 2019 жылдың алғашқы төрт айының көрсеткішінен 33,3%-ға жоғары. 2020 жылы Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен кәсіпорындар саны 809-дан 919 компанияға дейін өсті. Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен кәсіпорындар саны 1231-ге жетті.


Соңғы жаңалықтар