+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Қазақстан мен Өзбекстан арасында еңбекші мигранттардың құқықтарын қорғау тәртібі айқындалды

2020 жылғы 19 ақпан 13:25
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Өзбекстан арасында еңбекші мигранттардың құқықтарын қорғау тәртібі айқындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы еңбекші мигранттардың еңбек қызметі және олардың құқықтарын қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келісімге 2019 жылдың сәуірінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында Ташкентте қол қойылған болатын. Құжаттың мақсаты – тараптар мемлекеттерінде көші-қон ағындарын реттеу мен заңсыз еңбек қызметін болдырмау жөнінде шараларды жүзеге асыру.

«Келісімді ратификациялау екі елдің арасындағы еңбек көші-қон процестерін реттеуде ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді деп сенеміз. Ратификация басқа нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау немесе оларға өзгерістер енгізуді талап етпейді. Келісімнің күші екі ел арасындағы барлық еңбекші көшіп-қонушыларға қолданылады және олардың қызметі мен құқықтарын қорғау мәселесін реттейді», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, келісімде өкілетті мемлекеттік органдар белгіленген. Құжатта өзара қатынастар бойынша ұлттық заңнаманың басымдығы реттелген және қызметкерлердің, жұмысшылардың базалық кепілдіктері бекітілген. Уағдаластықтарға сәйкес, еңбекші мигранттар қабылдаушы мемлекеттің заңдары мен еңбек шартының талаптарына сәйкес демалуға, айналасындағы адамдар үшін қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алуға құқылы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT