Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-отырысында Қазақстан мен Өзбекстан тарапы бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атап айтқанда, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Өзбекстан тарапынан ӨР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов екі елдің арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссиясының 17-отырысының Хаттамасына қол қойды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен ӨР Мәдениет министрі Бахтиёр Сайфуллаев Қазақстандағы Өзбекстан жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Бұған қоса «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының вице-президенті Бауыржан Орынбасаров пен «Өзбекстан Темір жолдары» АҚР басқарма төрағасының орынбасары Акбар Шукуров Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында 2023 жылға дейін 50 мың тонна рельс өнімдерінің экспорты көзделген. Ақтөбе рельс зауыты мен «Өзбекстан темір жолдары» арасында 10 тонна өнімдік келісімшартқа қол қойылды.

«Аллюр компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврьентев пен «Узавтосанаот» АҚ төрағасы Умуджан Салимов компаниялар арасындағы өзара ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

Сонымен қатар, Үкіметаралық комиссия шеңберінде «BI Construction Company» және «УЗСТРОАЙМАТЕРИАЛЫ» компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар