Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

Қазақстан мен Өзбекстан арасында 2018 жылы бірнеше әуе рейсі ашылмақ

2018 жылғы 5 қаңтар 18:29 219
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Өзбекстан арасында 2018 жылы бірнеше әуе рейсі ашылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері өз қалаларын жалғайтын бірнеше әуе рейсін ашуды көздеп отыр. Бұл туралы UZREPORT TV телеарнасына сұхбат берген Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстан елшісі өз сөзінде Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерін 2018 жылы қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын айтып берді.

«Біз әуе географиясы уақыт өте келе кеңейер деген сенімдеміз. Нақтырақ айтқанда, әсіресе туристік бағытта өте табысты болар деген үмітпен Алматы - Бұхара, Алматы - Хиуа және Алматы-Самарқан рейстерін ашу көзделуде», - дейді Ерік Өтембаев.

Дипломат өз сөзінде инфрақұрылымдық мүмкіндіктердің жолын ашу арқылы екі мемлекетке туристер көптеп ағылуы мүмкін екенін жеткізді.

«Қазіргі уақытта Шымкент пен Ташкент шаһарлары арасында тікелей автобус бағдары болуы үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2018 жылы туристік мүмкіндіктер көптеп ашылар деген сенімдемін», - дейді Ерік Өтембаев.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT