Қазақстан мен Өзбекстан 2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың келіссөздері қорытындысы бойынша құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, ҚР Әділет министрі Берік Имашев пен Өзбекстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимов 1997 жылғы 2 маусымдағы екі ел үкіметтері арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы кеілісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітті.

Бұдан бөлек, Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мен Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов екі сыртқы саясат ведомстволары арасындағы 2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар