Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізу қажет - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізу қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көпжақты өзара іс-әрекеттің мығым экономикалық базасын қалыптастыру өзекті міндет болып қала береді. Соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанның Орталық Азиядағы өзге елдермен тауар айналымы 42 пайызға артып, 6,3 млрд долларға жетті. Өзара сауда-саттықты ұлғайта түсу үшін мол резервтің бар екенін ескере отырып, көз жетерлік келешекте бұл көрсеткішті мүмкіндігінше 15 млрд долларға дейін жеткізу қажет», - деді Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.


Соңғы жаңалықтар