Қазақстан мен Оңтүстік Корея ақпарат агенттіктерінің басшылары ынтымақтастық перспективаларын белгіледі
2019 жылғы 8 қараша 16:32

Қазақстан мен Оңтүстік Корея ақпарат агенттіктерінің басшылары ынтымақтастық перспективаларын белгіледі

СЕУЛ. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Оңтүстік Кореяның «Рёнхап» агенттігінің басшылары OANA (Азия-Тынық мұхит өңірінің ақпарат агенттіктері ұйымы) Бас Ассамблеясының 17-отырысы аясында кездесу өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«ҚазАқпарат» ХАА Бас директоры Асқар Умаров пен «Рёнхап» басшысы Чо Сонг бу (Cho Sung-boo) бірлескен жобаларды іске асыру жоспарлары мен перспективаларды белгілеп, ынтымақтастық туралы меморандумның шарттарын жаңалады. Келіссөз кезінде екі агенттік арасындағы экономикалық ақпараттар блогын кеңейту және осы бағыттағы деректер алмасуды кеңейтудің жобасы ұсынылды.

Чо Сонг бу мырза Қазақстан зор жетістіктерге жетіп отырғанын, әрі ақпараттық, әрі мәдени-гуманитарлық бағыттарда өзара тиімді ынтымақтастық жасау үшін маңызды ел екенін айтты.

«ҚазАқпарат» ХАА Бас директоры Асқар Умаров Оңтүстік Кореяның бүгінгі жетістіктеріне қуанатынын тілге тиек етті.

Тараптар халықаралық ынтымақтастықты қолдауға және ақпараттық кеңістіктегі бірлескен жобаларды дамытуға келісті.

Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT