Қазақстан мен Норвегия сыртқы істер министрліктері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

None
None
АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан мен Норвегия сыртқы істер министрліктері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжатқа қол қою рәсімі ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Норвегия Корольдігінің Мұрагер ханзадасы Хокон Магнуспен кездесуі барысында өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қазақстан мен Норвегияның өзара түсіністік туралы меморандумына, ҚР Сыртқы істер вице-министрі Константин Жигалов пен Норвегия сыртқы істер министрі Йонас Гар Сторе қол қойды.

Айта кетейік, 2009 жылдың қаңтары мен қараша айларының аралығында Қазақстан мен Норвегияның арасындағы тауар айналымы 275 млн. АҚШ долларын құрады. Ал 2008 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 743,1 млн. АҚШ долларын құраған болатын. Сонымен бірге 1993 жыл мен 2008 жылдар аралығында Норвегиядан Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестиция 80,2 млн. АҚШ доллары болды.

Соңғы жаңалықтар