Қазақстан мен Непал туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

None
None
БЕЙЖІҢ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Непал астанасы Катманду қаласында «Қазақстан-Непал: сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

Іс-шараны Үндістандағы ҚР Елшілігі Азия дипломатия және халықаралық қатынастар институтымен (АДХҚИ) бірлесіп, Үндістандағы Қазақстан Елшісі Болат Сәрсенбаевтың Непалға сапары аясында  ұйымдастырған. Оған АДХҚИ негізін қалаушы К.Сунил, Непалдың бұрынғы білім министрі, Парламент депутаты Ч.Ядав, Непал сауда палаталарының президенті Р.Шрестха, Непалдың мемлекеттік органдары, ірі бизнес құрылымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан мен Непал арасындағы қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыру және екі ел арасындағы туризм деңгейін арттыру бойынша ынтымақтастықтың негізгі әлеуетті бағыттары туралы ақпарат берілді.

Шараға қатысушылар Қазақстан астанасы  Астананың 20 жылдығын мерекелу бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар болды. Атап айтқанда, аудитория 2-3 шілде күндері Астанада өтетін «G-Glodal Silk Road 2018» халықаралық конференциясына, сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу рәсіміне қызығушылық танытты.
null

Елші Б.Сәрсенбаев Катманду қаласы мэрінің орынбасары К.Харибрабха және Лалитпура қаласының мэрі Ч.Махарджанмен келіссөздер жүргізіп, «G-Glodal Silk Road 2018» конференциясына қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, қазақстандық дипломат Непалдың қаржы министрі Р.Кхативадамен кездесіп, биыл 5 шілдеде өтетін Астана халықаралық қаржы орталығының ашылу салтанатына шақыру берді.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар