+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Қазақстан мен Моңғолияның іскерлік кеңесі құрылуы мүмкін

2020 жылғы 26 қараша 21:43
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Моңғолияның іскерлік кеңесі құрылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі А. Арынзаяаның тең төрағалығымен Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста екі елдің арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі мәселелері талқыланды. Онлайн режимдегі үкіметаралық комиссияның жұмысында Қазақстан мен Моңғолияның Төтенше және Өкілетті елшілері, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты. Министр Бақыт Сұлтанов өзінің алғы сөзінде түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын растады. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды тетігі ретіндегі үкіметаралық комиссияның рөлін атап өтті.

Отырыс аясында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымын талқылады.

Тараптар Үкіметаралық комиссияның отырысы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Моңғолияға алдағы сапарына дайындық кезеңдерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және кеңейту, сондай-ақ кооперациялық жобаларды құру мақсатында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы 2021-2024 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі Жол картасына қол қою мүдделілігі де аталып өтті.

«Біз сонымен бірге іскерлік байланыстарды қолдау және орнату, бизнес үшін қолжетімді мүмкіндіктер, жобалар мен бірлескен кәсіпорындарды жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасу үшін жақсы алаң ретінде қызмет ететін Қазақстан - Моңғол іскерлік кеңесін құруды жоспарлап отырмыз», - деді министр Бақыт Сұлтанов.

2019 жылы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 21,1%-ға төмендеп, 76 млн АҚШ долларын құраған. 2020 жылдың 9 айында өзара сауда 24,8 млн АҚШ долларын көрсеткен. Қазақстаннан Моңғолияға экспорт 23,5 млн АҚШ доллары, импорт 1,3 млн АҚШ долларына жеткен.

Отырыс қорытындысы бойынша онлайн форматта хаттамаға қол қойылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT