+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беріледі

2019 жылғы 18 қазан 19:14
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Моңғолия Премьер-министрі У.Хурэлсухтың Қазақстан Республикасына сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беретін бірқатар құжат рәсімделді.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде педагогтар мен студенттер цифрландыру бағытында ақысыз оқытылды Алматылық оқушы балаларға тегін ағылшын тілін үйрететін онлайн мектеп ашты Болашақ педагогтар мен докторанттардың стипендиясы артады

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, нормативтік-құқықтық құжаттарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен Моңғолия Білім, мәдениет, ғылым және спорт вице-министрі Ганболд Ганбаяр қол қойды.

Кездесу барысында білім туралы құжаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтар өзара тану туралы келісім жасалды. Аталған келісім екі елде берілген білім туралы құжаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтарды өзара тану туралы мәселелерді реттейді. Сондай-ақ, Моңғолия азаматтарына бөлінетін білім гранттарының санын 5-тен 25-ке дейін (15 бакалавриат, 5 магистратура, 5 докторантура) көбейту көзделіп отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT