USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстан мен Мажарстан арасында шешімін таппаған мәселе жоқ – Мұхтар Тілеуберді

2021 жылғы 26 қазан 14:45
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Мажарстан арасында шешімін таппаған мәселе жоқ – Мұхтар Тілеуберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варгамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық байланыстар туралы Декларацияға қол қойылды Қазақстан және Өзбекстан Президенттерінің қатысуымен 15 құжатқа қол қойылды АҚШ Президенті Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау жолдады

«Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варганың Қазақстанға кеше басталған сапары бүгін жемісті жалғасуда.

Бүгін біз мемлекетаралық өзара іс-қимылдың тұрақты жұмыс істейтін институты болып табылатын Қазақстан – Мажарстан Стратегиялық кеңесінің Бесінші отырысын өткіздік.Мажарстан Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі біздің бірден-бір сенімді стратегиялық әріптесіміз, достас әрі тарихы тамырлас мемлекет. Бүгінгі таңда екі мемлекет арасында шешімін таппаған ешқандай мәселе жоқ», - деді М. Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде.

Министр қос мемлекет арасындағы саяси диалог жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Қазақстан мен Мажарстан бір-бірінің халықаралық аренадағы бастамалары мен күш-жігерін қолдап келеді.

«Бұл өз кезегінде екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қолайлы жағдай тудырады. М. Варга мырзамен Қазақстан мен Мажарстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың бүгінгі ахуалы мен одан әрі дамуының перспективаларын талқыладық. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты, ең алдымен экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды тереңдету және екіжақты сауданы ұлғайту арқылы оны одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өттік. Ауыл шаруашылығы, энергетика, «жасыл экономика», денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT