Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда айналымы 60 %-ға артты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан және Малайзия бизнесмендері өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесуге Малайзияның әр түрлі салаларынан 12 компанияның өкілдері келді.

«Малайзия бизнес қауымдастығы Қазақстанға малайзиялық компаниялардың танымалдылығын арттыру үшін келді. Малайзия өкілдері Қазақстанда экономикалық стратегиялық әріптестерді табу үшін, Қазақстанға экспортталатын тауар көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Екі ел бизнес, туризм, ислам қаржыландыру, білім және цифрлық технологиялар саласында әріптестік орната алады», - деді MATRADE экспорт және халықаралық сауда бөлімінің аға директоры Мұхаммад Мұстафа Абдул Азиз. null 

Оның айтуынша, қазір қос ел арасында тауар  айналымы артып келеді.

Мәселен 2017 жылы тауар айналымы 60%-ға артып, 80 млн АҚШ долларына жетті.

Малайзияның Қазақстандағы елшісі Саид Бакри малайзиялықтардың Қазақстан нарығын зерттеуге кіріскенін айтты. Былтырдың өзінде EXPO-2017 көрмесіне 320 малай компаниясы қатысқан.

Алматы қалалық кәсіпкерлік палатасы аппаратының басшысы Нұрлан Қабыштаев малай іскерлік өкілдерін Қазақстандағы бизнес жүргізу мүмкіндіктерімен таныстырды.

Айта кетсек, 30 қазанда Алматыда Қазақстан-Малайзия бизнес форумы ашылады. Аталған шараны Қазақстан-Малайзия іскерлік кеңесі ұйымдастырады.

Осыдан 1 ай бұрын Алматыда өткен «KEOGE» - «Мұнай және газ» қазақстандық халықаралық мұнай және газ көрмесі аясында Малайзиядан 14 компания делегат болып келген еді.null 

Малайзия мемлекеті Қазақстан тәуелсіздігін алғашқылардың бірі боп мойындаған. 2014 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Малайзияға ресми сапарынан соң қос тарап арасында экономикалық-дипломатиялық әріптестікке жол қойылды.  ҚР мемлекеттік пайдалы қазбалар қоры бойынша комиссияның хабарлауынша, Қазақстанда өндірілетін мұнай қоры 4,1 млрд тонна шамасында. Құрлықтағы кен орындарын қосқандағы газ конденсатының қоры 300 млн тоннаға бағаланып отыр.

Соңғы жаңалықтар