Қазақстан мен Люксембург арасындағы салық салу мәселесі жеңілдемек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Люксембург Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолданыстағы Конвенцияға толықтыру енгізу мемлекет иелігімен байланысты болған кезде төленетін дивидендтерді салық салудан босата отырып, ел бюджетінің мүддеcін қорғау қажеттілігінен туындады. Біз дивидендтердің іс жүзіндегі иелерін нақтыладық. Қазақстанда - бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық немесе жергілікті билік органы, ҚР Ұлттық Банкі немесе Қазақстан Үкіметіне толық тиесілі кез келген басқа мекеме. Осылайша, аталған Хаттаманың мақсаты - Люксембург аумағында тіркелген кәсіпорындарда акцияларды иелену кезінде ҚР Үкіметіне төленетін дивидендтерді салық төлеуден босату», - деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда Люксембургтің қатысуы бар 27 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер қызмет етуде. Олар 2019 жылы

37 млрд теңге салық төледі.

«Хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді. Осы Хаттаманың екі мемлекет арасындағы салық салу мәселелерінде заңнамалық база ретінде маңызды рөлін атап өту қажет», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар