Қазақстан мен Литва Транскаспий маршрутының әлеуетін талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Литва Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергиспен өткен келіссөз кезінде Транскаспий халықаралық көлік маршруты мен Клайпеда портын пайдалану мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БАҚ алдында жасаған мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң шығарушы билік өкілдерінің деңгейінде екі елдің мазмұнды өзара іс-қимылын атап өткім келеді. Еліміздің Парламенті мен Сеймде достық топтары жұмыс істейді. Инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне, сондай-ақ логистикалық жолдарды әртараптандыруға, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ) және Клайпеда портын пайдалану мәселелеріне көп көңіл бөлінді», - деді ҚР Сыртқы істер министрі.

Оның айтуына қарағанда, Литва Қазақстанның Еуроодақ елдеріндегі ең ірі сауда серіктестерінің ондығына және әлемдегі ең ірі жиырма серіктестің қатарына кіреді.

«Сонымен қатар, Қазақстан дәстүрлі түрде Литваның жиырма ірі сауда серіктестерінің қатарына кіреді», - деді вице-премьер.


Соңғы жаңалықтар