+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстан мен Литва арасында тікелей әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 13 қазан 11:45
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Литва арасында тікелей әуе рейсі ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі қаласынан Литваға тікелей әуе рейстері ашылады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алып ұшақты сүйрету рекордын елордалық полицей орындады Министр Қазақстан-АҚШ авиарейсін іске қосу неліктен созылып кеткенін түсіндірді «Эйр Астана» Үндістанға тұрақты рейстерін қайта бастайды

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің және Литваның азаматтық авиация басшылығының кездесуі өтті. Онда «Нұр-Сұлтан – Вильнюс» және «Алматы – Вильнюс» тұрақты әуе бағыттарын ашу, оған Венгрияның «Wizz Air» әуе компаниясын оператор етіп тағайындау мәселесі қаралды. Рейстерді 2022 жылдың 1 тоқсанында ашу жоспарланып отыр.

Министрліктен мәлім еткендей, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева және Литваның Көлік және коммуникация министрлігі Жол және авиациялық көлік саясаты тобының жетекшісі Владислав Кондратович әуе тасымалдары саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, тұрақты рейстерді ашу ниеті көрсетілген хаттамамен алмасты.

«Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім екі елдің Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялары ұшуға рұқсат бергеннен кейін қабылданады», - делінген баспасөз хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT