Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы ынтымақтастық болашағы талқыланды

None
None
ВАДУЦ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Елшісі Әлібек Бақаев іссапармен Вадуц қаласына (Лихтенштейн) барды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі СІМ сілтеме жасап хабарайды.

Лихтенштейн Сыртқы істер министрлігінде болған кездесуде тараптар халықаралық аренадағы өзара әрекеттестік, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы ынтымақтастықтың келешегі мол бағыттарына қаржы саласы мен банк секторының инновациялық дамуы жатады. Тамақ өнеркәсібі мен машина жасау саласындағы ынтымақтастық та жоғары әлеуетке ие.

Елші «Kaiser» компаниясының (арнайы коммуналдық техника мен адымдағыш экскаватор жасайтын әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі) басшылығымен бұл саладағы ынтымақтастықтың мүмкіндерін талқылады. Компания азиялық нарықты игеруге мүдделі. Ал Қазақстан өзара тиімді шарттар негізіндегі ынтымақтастық үшін оңтайлы жағдайлар ұсынуға дайын.


Сондай-ақ, Ә.Бақаев Лихтенштейн Княздігінің БҰҰ-ға мүше болуының 30 жылдық мерейтойына арналған «Халықаралық ынтымақтастық пен тұрақтылықтың ішкі және сыртқы келешегі» атты конференцияға қатысты.


Соңғы жаңалықтар