Қазақстан мен Қытайдың Сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И жұмыс сапарымен Қазақстанда жүр. Жұмыс сапары аясында Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің мүшесі әрі сыртқы істер министрі В. Иді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Кездесулердің барысында әртүрлі салада өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен ҚХР сыртқы істер министрі Ван Идің келіссөзі өтті. Оның барысында тараптар жоғары және биік деңгейдегі қол жеткізілген келісімдерге бейілділік танытты. Сондай-ақ екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара серіктестікті дамыту мәселелері бойынша ойларымен бөлісті. Одан бөлек, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасын үндестіру, сонымен бірге БҰҰ, ШЫҰ, АӨІСШК және «Орталық Азия – Қытай» диалог алаңдары аясында өзара ынтымақтастықты күшейту мәселесі туралы сөз қозғалды.

СІМ басшылары COVID-19 жаһандық пандемиясына бірлесе қарсы тұру мәселесінде өзара ықпалдаса әрекет етуді жандандырып, осы жылдың соңына дейін видеоконференция байланысы арқылы екіжақты маңызды шараларды өткізуге келісті.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша министрлер қазақстан-қытай стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері бойынша бірқатар маңызды келісімге қол жеткізді.



Соңғы жаңалықтар