Қазақстан мен Қытай туралы эссе байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және «Нұрлы жол» бағдарламасы туралы «Өзара тиімді өсім мен өркендеу траекториясы» эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауды «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Елшілігі бірлесіп ұйымдастырған болатын.

 «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бес жылдық мерейтойына арналған бұл байқауға екі айда Қазақстанның түпкір-түпкірінен 60-тан астам материал келіп түсті. Біз олардың арасынан Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы мен халықтар арасындағы достықтың барлық аспектілері көрініс тапқан ең үздік материалдарды таңдап алдық», - деді Қазақстан Республикасындағы ҚХР Төтенше жəне өкілетті елшісінің міндетін атқарушы Лю Цзянь Пи жеңімпаздарды марапаттау салтанатында.

null     Өз кезегінде «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Данияр Өтешев Қазақстандағы Қытай елшілігіне екіжақты қарым-қатынасты нығайта түсетін байқауды бірлесе ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

null«Жоба «ҚазАқпарат» сайтында ұйымдастырылды және дәл осы жобаға 15 мың қаралым тіркелді. Бұл тақырып қазір өте өзекті, сондықтан алдағы уақытта да екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытып, осындай байқауларды ұйымдастыру керек. Байқауға қатысып, бүгінгі салтанатқа келген баршаңызға алғыс айтамын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін», - деп атап өтті халықаралық ақпарат агенттігінің өкілі.

nullБайқау нәтижесінде 61 жастағы ақтөбелік журналист Мирал Жармұхамбетов жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Одан бөлек, Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 25 автор түрлі номинациялармен марапатталды.

Еnullске сала кетсек, мамыр айында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Елшілігі «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және «Нұрлы жол» бағдарламасы. Өзаратиімді өсім мен өркендеу траекториясы» тақырыбында байқау жариялаған болатын.

Конкурсқа бұрын жарияланбаған Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың тарихы мен стратегиялық басымдықтарына,  XXI  ғасырдағы Ұлы Жібек жолының жаңғыруына, қазіргі әлемдегі Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық миссиясына арналған сараптамалық материалдар қабылданды.

null

Соңғы жаңалықтар