Қазақстан мен Қытай Сүмбе өзенін бірлесіп пайдалануға келісті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Сүмбе трансшекаралық өзені туралы келісімге қол қойылды. Бұл ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан келісімге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь қол қойды.

«Су қатынастары біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған жоғары деңгейдегі барлық екіжақты кездесулерде су мәселелерін үнемі талқылау дәлел болады», - деді вице-министр өзінің кіріспе сөзінде.

Айта кету керек, аталған құжатқа қол қою Сүмбе өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалануға және Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына су жинауды жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан тарапына арнаған сөзінде Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь келісімге қол қою трансшекаралық өзендердің ресурстарын ұтымды және әділ пайдалану контексінде екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретінін атап өтті.





Фото: t.me/EcologyofQazaqstan








Соңғы жаңалықтар