Қазақстан мен Қытай шекарадағы өткізу пункттерінің жұмысына қатысты келіссөз жүргізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары COVID-19 жағдайында Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмыс істеуі туралы келіссөздер жүргізді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық делегацияны ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М.Сұлтанғазиев, қытайлық тарапты ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Чжан Чунлин басқарды. Іс-шараға ҚР Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту, Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, «ҰҚ ҚТЖ» АҚ өкілдері, сондай-ақ ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының мүдделі мемлекеттік органдарының басшылары қатысты», - делінген таратылған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, келіссөз барысында тараптар көлік-коммуникациялық өзара байланысты және аймақаралық байланыстарды нығайтуға келісті. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың сапасын арттыруға жәрдемдесуге бағытталған бұрын жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды ұстанатындықтарын растады.

Келіссөз нәтижесінде тараптар Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының автомобиль және теміржол өткізу пункттерінде өткізу қабілетін арттыру, автокөлік құралдары мен жүктерге қатысты эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу бойынша бірлескен шаралар қабылдау туралы уағдаласты.

«Қытай тарапы қытайлық тараптағы өткізу пункттерінің жұмысын қалпына келтіру үшін өткізу пункттерінің эпидемияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуі керек екенін атап өтті. Уақытша жабылған «Майқапшағай» - «Зимунай», «Қалжат» - «Дулаты» өткізу пункттерінің қызметін қалпына келтіру мерзімі 2021 жылдың бірінші жартысында анықталды. Қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуының аралық нәтижелерін шығару үшін келесі отырысты 2021 жылғы 8 ақпанда өткізу жоспарланған», - деді комитеттен.


Соңғы жаңалықтар