Қазақстан мен Қытай президенттері «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Ресми келіссөздер аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары екі елдің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихи, мәдени байланыстарына арналған Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Орталық мемлекеттік музей, Тұңғыш Президент музейі және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі қорларынан 40-қа жуық археологиялық жәдігер, сондай-ақ сәндік қолданбалы және бейнелеу өнерінің заттары қойылған.

Қазақстан мен Қытай басшыларына қазақ-қытай халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің даму сабақтастығын көрсететін бес бөлімнен тұратын көрменің құрылымы таныстырылды.






Фото: t.me/bort_01

Соңғы жаңалықтар