Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойды

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
СИАНЬ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Олардың арасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім» бар.

Еске салайық, Қазақстан азаматтарының Қытай аумағында, Қытай азаматтарының Қазақстан аумағында 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз жүруіне мүмкіндік беретін құжат қарастырылып жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қытаймен арадағы визасыз режимге қатысты пікір білдірген болатын.


Соңғы жаңалықтар