Қазақстан мен Қытай Қорғастағы бөгетті бірлесіп салады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісі «Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайы ҚазАқпарат.

«2017 жылдың маусымында екі ел үкіметтері арасында Астанада жасалған келісім Қорғас өзенінде бірлескен сел ұстайтын бөгетті салудағы ынтымақтастыққа бағытталған. Осы орайда жобаның жалпы құнынан тараптардың әрқайсысы 50 пайыз көлемінде қаржы салады», - деді Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский жалпы отырыс барысында.

Осы орайда ол комитет аталған заң жобасы бойынша 2018 жылғы 12 желтоқсанға дейінгі мерзімде қортынды әзірлеуге дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қытайдың бірлесіп, Қорғас өзенінде салатын бөгені 9,8 миллион текше метр сел массасын ұстай алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылғы 8 маусымда Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен Қорғас өзенінің Шүкірбұлақ бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар