Қазақстан мен Қытай Қорғаста сел ұстайтын бөген салады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстан мен Қытайдың бірлесіп Қорғас өзенінде салатын бөгені 9,8 миллион текше метр  сел массасын  ұстай алады.

 Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылғы 8 маусымда Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен Қорғас өзенінің Шүкірбұлақ бірлескен сел ұстайтын бөгет салудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

 Қол қою рәсіміне Қазақстан тарапынан ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, ҚХР-дан - Сырты істер министрі Ван И. қатысты.

Қорғас өзені сел және тасқын қаупі өлшемшарттары бойынша сел қауіптілігі бойынша жоғары санатқа жататынын атап өту қажет. Шүкірбұлақ сел ұстағыш бөгенін салу 9,8 миллион текше метрге дейінгі сел массасын ұстап қалуға мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар