Қазақстан мен Қытай БАҚ саласы бойынша ынтымақтастықты жетілдірмек

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бірінші саммитінде 26 келісім жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі.

БАҚ саласындағы ынтымақтастықты жетілдіру мен өзара түсіністік жөніндегі 3 меморандумға ҚХР-дің Мемлекеттік Кеңесінің баспасөз кеңсесі мен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның құзырлы органдары арасында қол қойылды. Қазақстан атынан құжатқа Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова қол қойды.

Өзге 23 келісім ҚХР мен ШЫҰ-на мүше ммелекеттердің БАҚ саласының өкілдері арасында рәсімделді. Соның ішінде Өзара ниеттестік туралы меморандумға «ҚазАқпарат» ХАА мен ҚХР-дың Баспасөзді басқару мен әдебиеттері шет тілдерінде тарату басқармасы арасында, сондай-ақ «Деловой Казахстан» республикалық экономкалық газеті мен Қытайдың телерадиокорпорациясы арасында қол қойылды.

Құжаттарға қол қою рәсіміне Қытай Компартиясы Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің жетекшісі Хуан Куньмин қатысты.

Айта кетейік, медиа-саммитке ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің 140-қа жуық өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясының құрамына «Хабар» агенттігі» АҚ-ның басқарма төрағасы Алан Әжібаев, «Қазақстан» РТРК-ның басқарма төрағасы Ерлан Қарин, «Еуразия бірінші арнасы» телекомпаниясының бас директоры Сергей Киселев, «ҚазАқпарат» ХАА-нің бас директоры Асқар Умаров, «Делововой Казахстан» республикалық экномикалық газетінің бас редакторы Серік Қоржымбаев кірді.

ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің БАҚ саласындағы ынтымақтастық тетіктерін қалыптастырып, ШЫҰ-ның бірінші медиа-саммитін шақыру туралы ұсынысты ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 2017 жылы Астанада өткен ШЫҰ-ның самммттінде көтерген болатын.

Соңғы жаңалықтар