Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту туралы бірлескен декларацияға қол қойылды

None
None
АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту туралы бірлескен декларацияға қол қойылды. Аталған құжатты Ақордадағы кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин рәсімдеді.

Сондай-ақ, бұдан өзге де бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасында дипломатиялық өкілдіктерге ғимараттар салу үшін жер учаскелерін өзара беру келісіміне, ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану және зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2020 жылға дейін Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығын орта мерзімді және ұзақ мерзімді дамыту бағдарламасына, ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасында Қорғас өзеніндегі «Достық» ортақ су торабын бірлесіп пайдалану және басқару туралы келісімге, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен ҚХР Энергетика жөніндегі мемлекеттік басқармасы арасындағы көмірді кешенді терең өңдеу жобаларын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Қазақстан темір жолы АҚ мен Ляньюньган қаласының халықтық Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар