Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан енгізіледі – СІМ жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан басталуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2-3 айда болу мүмкін. Біз өз тарапымыздан, Қазақстан тарапынан тездетуге тырысамыз. Қытай тарапынан да жауап күтеміз. Мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау керек. Біздің тараптан осы келісімді бекіту туралы Үкіметтің қаулысын қабылдау қажет. Қаулыны қабылдауға біраз уақыт керек», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы айдағы Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды. Олардың арасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім» бар.


Соңғы жаңалықтар