Қазақстан мен Қытай арасында құпия келісім жоқ - Жеңіс Қасымбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Қытай арасында құпия келісім жоқ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2015 жылы үкіметаралық келісім (Қазақстан мен Қытай арасында - ред.) бекітілді. Бұл келісім «Әділет» порталында жарияланған, оны кез келген адам оқып біле алады. Келісімде қай салаларда ынтымақтастық орнатылып, қай салаларға басымдық берілетіні жазылған. Шикізаттық өндіріс, химия, көлік және логистика, энергетика салалары қарастырылған. Мұнда еш құпия жоқ», - деді Жеңіс Қасымбек Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында журналист сұрағына берген жауабында.

Вице-премьер Қытайдан ескірген, лас өнідірістер ауыстырылады деген ақпаратты теріске шығарды. Барлық жаңа кәсіпорындар қазақстандық стандарттарға сай болады.

Сонымен бірге, индустрияландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жоспарланған бірлескен 55 жобаның біреуіне ғана мемлекеттік кепілдік берілген. Ол - Нұр-Сұлтан қаласындағы «ЛРТ» жобасы. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен өзге де институттар қатысатын жобаларға мемлекет кепілдік бермейді.

Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары Қазақстанға инвестиция салған мемлекеттер туралы баяндаған еді.

Оның айтуынша, қытайлық инвесторлар қаржыландыратын кәсіпорындардағы жұмысшылардың 95% қазақстандықтар.

Ж. Қасымбек жаңа зауыттар мен жобаларды лас, экологиялық тұрғыда зиян деген қауесеттерді теріске шығарды.




Соңғы жаңалықтар