Қазақстан мен Қырғызстанда жер сілкінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 2 жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 қыркүйек күні Алматы уақытымен 10 сағат 32 минут 28 секундта жер сілкінісі тіркелген.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 223 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 8.4. MPV тербелісі – 3.5. Тереңдігі – 15 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.
Сондай-ақ, 30 қыркүйек күні Алматы уақытымен 13 сағат 57 минут 50 секундта жер сілкінісі тіркелген.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 244 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 9.8. MPV тербелісі – 4.1. Тереңдігі – 5 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.








Фото: cnbcfm.com



Соңғы жаңалықтар