+7 (701) 759 90 19
USD 378.86 EUR 416.78
RUB 6.06 CNY 54.62
Jańalyqtar

Қазақстан мен Қырғызстан зиялылары мен ғалымдарының бас қосуы аса қажет - Мәулен Әшімбаев

2019 жылғы 26 қараша 13:42
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Қырғызстан зиялылары мен ғалымдарының бас қосуы аса қажет - Мәулен Әшімбаев

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Қырғызстан зиялылары мен ғалымдарының басқосуы қазіргі кезеңінде аса қажет. Бұл туралы Бішкекте Қазақ-қырғыз зиялыларының IV форумында ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ғылыми диссертация қорғауға қойылатын жаңа талаптар қандай - министр жауабы АҚШ енді ғылым мен технология саласында көшбасшы емес - зерттеу Алматыда қатты жер сілкінісі болуы мүмкін бе: ғалымдар болжамы

«Қазақ пен қырғыз – бір-біріне бауырлас халықтар.

Алатаудың қос бөктерін жайлаған екі елдің ділі мен діні ортақ, тілі де өте ұқсас. Қырғызстан – біз үшін тек көрші ғана емес, сонымен бірге бауырлас, тарихы тамырлас мемлекет. Ұлы Абай: «Еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды», – деген.

Қырғыздың атақты ақыны Молда Қылыш та «Қырғыз-қазақ – алаштан» деп, егіз елдің бірлігін жырлаған. Сондықтан тағдыры үндес елдеріміз әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп келеді.

Қазақ пен қырғыздың байланысы ортақ мәдени-рухани құндылықтармен ерекшеленеді. Мысалы, екі елге де Асан Қайғы, Алдар көсе, Кетбұға, Толыбай сыншы сияқты тұлғалар ортақ.

Кеңестік кезеңде, сол заманның идеологиясына қарамастан, біздің бауырластығымыз одан әрі беки түсті. Әсіресе, Жамбыл мен Тоқтағұлдың, Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовтың, Сәбит Мұқанов пен Түгелбай Сыдықбековтің достығы көптің есінде. Осы ынтымақтастықты сақтап, нығайтуымыз керек. Бұл – өскелең ұрпақ алдындағы парызымыз деп қабылдаймыз», - деді М. Әшімбаев.

Осы орайда ол Тәуелсіздік алған күннен бастап өзара байланысты тереңдетуге екі елде де баса мән берілгенін атап өтті.

«Бұл мәселе Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басты назарында болды. Нәтижесінде, екі мемлекет арасында Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойылды.

Елдеріміздің саяси, экономикалық, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы орнықты дамып келеді. Өзара сауда-саттық жылдан жылға жандана түсуде. Қазақстан мен Қырғызстан халықаралық ұйымдар аясында да тығыз ықпалдастық орната білді. Ертең Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Қырғызстанның Президенті Сооронбай Шарипович Жээнбековпен кездесіп, екі мемлекет басшылары елдеріміз арасындағы қарым қатынастарды әрі қарай дамыту мәселесін талқылайды. Бұл – екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін маңызды сапар болады деп сенеміз. Соның барысында өзара тиімді келісімдерге қол жеткізіледі деп күтілуде», - деді Президент көмекшісі.

Осы ретте М. Әшімбаев екіжақты байланыстарды нығайту ісінде зиялы қауым өкілдері де маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Президенттеріміздің кездесуінің алдында өтіп отырған бүгінгі форум – соның айқын дәлелі. Бұл – қазақ пен қырғыздың достық қатынастарын одан әрі нығайтуға бағытталған басқосу. Жалпы, екі елдің зиялылары мен ғалымдарының бас қосуы қазіргі кезеңінде аса қажет. Осындай форумдарды ортақ құндылықтарды – достықты, бауырластықты, ынтымақтастықты дәріптеудің тетігі деп қабылдаймыз. Зиялы қауым өкілдері жиі кездесіп тұрса, түрлі саладағы ынтымақтастығымыз арта түседі. Сондықтан іс-шараның екі елге де берері мол деп есептейміз. Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен үш форум өткізілгенін білеміз», - деді ол.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы жиында зиялы қауым өкілдері тарихи, мәдени, рухани құндылықтарымыз туралы ой бөлісті.

Қырғызстанның Ош қаласында өткен ІІ форумда Шыңғыс Айтматовтың мұрасы дәріптелді.

«Адамзаттың Айтматовы» атанған қаламгердің шығармалары қазақ әдебиетінің де құнды қазынасына айналды.

Талдықорғанда ұйымдастырылған ІІІ форум «Манас» жырына арналды.

«Манас» – қырғыз халқының ғана емес, тұтас түркі әлемінің мақтанышы саналатын туынды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 27 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің шақыруымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады.

Келіссөздер барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылайды және кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT