Қазақстан мен Қырғызстан су қауіпсіздігі мәселесін қалай шешпек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында Қырғызстан Республикасымен су қауіпсіздігі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның шекаралас елдермен су қауіпсіздігі мәселелері екіжақты және көпжақты форматта, өзара тиімді ынтымақ орнату арқылы шешіледі. Қырғыз Республикасымен су қатынастары екі ел Үкіметтері арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы 2000 жылғы 21 қаңтардағы келісім негізінде реттеледі. Келісімнің нормалары бойынша мемлекетаралық комиссиясы жұмыс істейді», - деп жазды Роман Скляр депутаттық сауалға жауап бере отырып.

Оның айтуынша, мемлекетаралық пайдаланудағы су нысандарын техникалық тұрғыда күтіп ұстау үшін республикалық бюджеттен жыл сайын 75,0 млн теңге бөлінеді.

«2021 жылы Қазақстан тарапы Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық сушаруашылық құрылыстарға екі жақтан бөлінетін бюджетті 119 млн теңгеге дейін ұлғайтты. 15 және 23 сәуірде бейнеконференция режимінде өткен үкіметаралық комиссиясының 28-ші отырысында тараптар 15 мамырға дейін аталған шығындарды нақтылау және айқындау, 2024 жылға дейін бірлесіп қаржыландыру кестесін жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізді», - деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

Вице-премьер трнасшекаралық өзен-көлдердің суын тауар ретінде сату ешбір елдің тәжірибесінде жоқ екенін де атады.

«Соңғы 10-15 жылда Қырғызстан трансшекаралық өзендердің суын тауар ретінде заңдастыруға күш салып жатқанына келсек, әлем қауымдастығы өзен суын тауар ретінде сатуды қолдамайды және әлемде мұндай тәжірибе жоқ. Су конвенциясына қатысушы елдер трансшекаралық өзен-көлдердің суы тауар болып табылмайды және бағасы жоқ деген нақты ұстанымды ұстанады. Аталмыш конвенция бюросына Қазақстан 2018 жылдан бері төрағалық етіп отыр, - деп түйіндеді Роман Скляр.

Соңғы жаңалықтар