+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстан мен Қырғызстан су беру кестесін сақтамау себептерін талқылайды

2020 жылғы 6 қараша 11:42
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Қырғызстан су беру кестесін сақтамау себептерін талқылайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы айдың ішінде Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне су беру кестесін сақтамау себептерін талқылайды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қырғызстанмен трансшекаралық өзендер саласындағы ынтымақтастық Шу және Талас өзендері бойынша жүзеге асырылады. Су ресурстарын бөлу 1983 жылғы ережелермен реттеледі. Сондай-ақ 2000 жылдан бастап Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы үкіметаралық келісім қолданылады», - деді ол Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Қазақстан осы келісім бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындайды. Сонымен қатар қырғыз тарапы да Қазақстанға негізінен Шу өзенінің бассейнінде орналасқан мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін мерзімді түрде сақтамайды.

«Біздің өңір қазір суы аз табиғи кезеңге тап болды. Өз кезегінде, су беру кестесін сақтамаудың барлық себептері алдағы қараша айының соңында өтетін комиссия отырысында талқыланады. Қазіргі уақытта су беру кестесінің бұзылуына жол бермеу мақсатында келесі жылдарға нақты шаралар қабылдануда. Қазақстан тарапы Киров су қоймасындағы (Қырғызстан) жөндеу жұмыстарын аяқтады. Бұл су қоймасын жинақтау режиміне өткізуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде осы жайт келесі вегетациялық кезеңге қажетті су көлемін жинау үшін үлкен септігін тигізеді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT