Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері екі жақты ынтымақтастықты талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның Президенттері екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және перспективасын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесін де қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар