Қазақстан мен Қырғызстан өзара Мәдени күндерін ұйымдастырады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Қырғызстан делегацияларының арасында өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдемеде екі ел арасындағы мәдени байланыстар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын мәдени-гуманитарлық саладғы ынтымақтастығымыз кеңейіп келеді. Тарихымызда аталған сала маңызды байланыстырушы көпір болды, яғни біздің бауырлас халықтарымызды жақындастыруда шешуші рөл ойнады. Бұл байланыстарымыз қазіргі кезде сақталып келеді», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда екі ел арасында мәдениет саласына қатысты «дөңгелек үстел» отырыстары, көрмелер, ақындардың кештері, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен семинарлар тұрақты өткізіліп тұратынын атап өтті.

«Бізге осы қарқынды ары қарай сақтап, осы саладағы ынтымақтастықты жалғастыру керек. Осы тұрғыда алдағы уақытта елдеріміздің өзара Мәдени күндерін ұйымдастыру ұсынылды. Соңғы рет мұндай шара алты жыл бұрын өткізілген болатын. Бүгінгі кездесу барысында осындай өзара мәдени байланыстарды халықтарымыз қалап отырғанын байқадық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар