Қазақстан мен Қырғызстан Қорғаныс министрлері әскери саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысында Қазақстанның Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Қырғызстанның Қорғаныс министрі Әбиболла Құдайбердиев арасында екіжақты кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ынтымақтастықты екіжақты форматта да, ТМД, ЕҚШҰ, ШЫҰ аясында да одан әрі жандандырылуы сөз етілді.

Екі елдің қорғаныс ведомстволарының басшылары бірлескен оқуларды өткізу, жауынгерлік даярлықты жетілдіру әдістерімен тәжірибе алмасу Қазақстан мен Қырғызстанның Қарулы күштерінің арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайта түсетіні атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар