Қазақстан мен Қырғызстан әскерлері «Сарышаған» полигонында оқу-жаттығу өткізуде

None
None
САРЫШАҒАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық – 2019» оқу-жаттығуы аясында Қазақстан мен Қырғызстан әуе шабуылына қарсы қорғанысының (ӘШҚҚ) жауынгерлік есептоптары зениттік-зымыран жүйелерінен практикалық оқ атуларды орындауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған күйде, яғни шартты қарсыластың қанатты зымырандары мен жауынгерлік авиациясын имитациялайтын нысандарды пайдалана отырып, ӘШҚҚ әскерлері практикалық атуларды пысықтауда.

Әуе нысандарын жоюға жауынгерлік авиация - МиГ-31 жойғышы «әуе-әуе» зымырандарымен бірге қолдау көрсетуде.

Оқу-жаттығуға Әуе қорғанысы күштері жеке құрамының 1 мыңнан аса әскери қызметшісі мен мерзімді қызметтегі сарбаздар қатысуда. Олар офицерлік құрам мен келісімшарт қызметінің әскери қызметшілерінен алған білімдерін іс жүзінде қолданды.

«Жауынгерлік достастық – 2019» халықаралық оқу-жаттығуы шеңберіндегі практикалық іс-қимылдар, сондай-ақ Ресейдің «Ашулук» полигонында өтуде.

Бірлескен оқу-жаттығу халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтып, ТМД ӘШҚҚ бірлескен жүйесі аясында өзара іс-қимыл жүргізудің тиімділігін арттыруда септігін тигізеді.


Соңғы жаңалықтар