Қазақстан мен Қырғыз елі арасында азаматтық қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім қабылданды

None
None
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі

арасындағы Азаматтық қорғаныс (қорғау), төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңын қабылдады. Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Аталған келісімнің мақсаты Қазақстан мен Қырғыз елінің арасында азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастықты арттыру болып табылады. Бұдан бөлек, тараптардың бірінің аумағында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда бірлескен іс-қимыл үшін құқықтық база жасау қарастырылады. Сондай-ақ, құжат төтенше жағдайларды жою кезінде өзара көмек көрсету тәртібін регламенттейді.

Келісімге сәйкес, көмек көрсету жөніндегі топтарды, керек-жарақтарды, қамтамасыз ету материалдарын жіберу арқылы не өзге де сұралатын нысанда төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсетіледі. Көмек көрсету жөніндегі топтар төтенше жағдай аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын орындайтын болады.

Соңғы жаңалықтар