Қазақстан мен Кувейт арасында тікелей әуе байланысы орнатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасындағы Кувейт мемлекетінің Төтенше және Өкілетті елшісі Тарик Абдулла Әл-Фараж бен ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасына тікелей әуе байланысын орнату мәселесін талқылады.

Қазіргі уақытта екі елдің белгіленген әуе компаниялары Астана мен Кувейт қалалары арасына аптасына 7 жолаушы / жүк және аралас рейстерді орындауға құқылы. Кувейт тарапынан «Kuwait Airways», «Wataniya Airways» и «Jazeera Airways» әуе компаниялары рейс атқарады. 

Кездесу қорытындысы бойынша, қос тарап Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға және басқа да жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Соңғы жаңалықтар