Қазақстан мен Корея қол қойған «Самал жел» бағдарламасы қандай мәселелерді қамтиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Корея президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Корей сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылатын 2019-2022 жылдарға арналған «Самал жел» атты жаңа экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Мо қол қойды.

«Самал жел» бағдарламасы көлік және логистика, құрылыс, өнеркәсіп, инфрақұрылымды дамыту, тау-кен металлургия және жер қойнауын пайдалану, сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, инновация, ауыл шаруашылығы, қаржы, денсаулық сақтау мен мәдениет, туризм және білім беру сияқты салаларда нақты 58 жобаны іске асырудың және 10 өрісте кешенді өзара іс-қимылды қамтиды.

Бұған қоса, қазіргі уақытта пакеті 7,2 млрд АҚШ долларын құрайтын Қазақстан-Корей индустриалды-инновациялық 40 жобасы бар 7, оның ішінде жалпы сомасы 1,9 млрд АҚШ долларын құрайтын 19 жоба іске асырылды. Сондай-ақ «Самал жел» бағдарламасында 2,1 млрд долларының 6 жобасы іске асырылуда және 3,2 млрд доллар болатын 15 перспективалық жобаны іске асыру шаралары қарастырылған.

Корея белсенді бизнес-ынтымақтастық және бизнестегі екі жақты түрлі байланыстарды орнату арқылы қамтамасыз етілетін бірлескен кәсіпорындардың саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар