+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қазақстан мен Колумбия визасыз режім орнатты

2019 жылғы 9 желтоқсан 11:01
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Колумбия визасыз режім орнатты

БОГОТА. ҚазАқпара – Қазақстан мен Колумбия арасында визасыз режім орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Колумбия астанасында екі елдің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі қазақстан-колумбия СІМ-аралық саяси консультациясының кезекті раунды өтті. Келіссөздер барысында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев энергетика, тау-кен өнеркәсібі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жақсы әлеуетіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының транзиттік және көліктік мүмкіндіктерінің тартымдылығын ескере отырып, шағын және орта бизнес арасында іскерлік байланыстарды орнатуға назар аударды. Қазақстан сыртқы саясат ведомствоның басшысы Мұхтар Тілеубердінің Колумбияның жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Клаудиа Блюмға арналған құттықтауын жеткізе отырып, қазақстандық дипломат Нұр-Сұлтан қаласында саяси консультациялардың келесі раундын оның қатысуымен өткізілетініне сенім білдірді», - деді ҚР СІМ-нен.

Өз кезегінде Колумбия Сыртқы істер министрінің орынбасары Франсиско Эчеверри саяси диалогтың дамуына жоғары баға беріп, 2015 жылдан өткізіліп жүрген қазақстандық дипломаттар мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының студенттері үшін испан тілі курстарын жалғастыруға дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңеюіне үміт білдірді.

Келіссөздер барысында Тараптар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, жаңа сынақтар мен қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету, ядролық қаруды таратпау және терроризмге қарсы күрес мәселелерімен тығыз жұмыс істеуге қызығушылық білдірді. Бұдан бөлек, ЭЫДҰ-ға қосылудың практикалық аспектілерін талқылап, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдау туралы уағдаласты.

Келіссөздердің қорытындылары бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері дипломатиялық және қызметтік паспортқа ие азаматтарды визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Дипломатия, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT