+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қазақстан мен Италияның Әскери-теңіз күштері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

2019 жылғы 4 маусым 14:20
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Италияның Әскери-теңіз күштері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның және Италияның Әскери-теңіз күштерінің өкілдері екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қазақстан Республикасының және Италия Республикасының Әскери-теңіз күштері өкілдерінің кездесуі өтті. Оның аясында тараптар 2019 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарында көрсетілген Әскери-теңіз күштерінің бағыты бойынша жүргізілетін алдағы іс-шараларды талқылады. Әсіресе Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің осы жылдың екінші жарты жылдығында Венеция қаласында өтетін Әскери-теңіз күштерінің XII симпозиумына қатысу мүмкіндігі сөз болды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұдан бөлек қазақстандық әскери теңізшілердің Италияның Әскери-теңіз күштерінің суасты минасыздандыру саласындағы сарапшыларымен кездесулерін ұйымдастыру мәселесі қарастырылды.

Кездесу нәтижесі бойынша Әскери-теңіз күштерін дамыту саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары анықталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT