Қазақстан мен Италия Стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойды

None
None
ның 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасына ресми сапары аясында кеше кешқұрым осы елдің Премьер-Министрі Сильвио Берлусконимен кездесті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Италия арасында Стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Құжатқа ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев және  Италияның Сыртқы істер министрі Франко Фраттини қолдарын қойды. 

 Қол қою рәсімінен кейін Н. Назарбаев: «Қазақстан мен Италия арасындағы қарым-қатынас шын мәнінде стратегиялық болуы үшін біз бәрін жасайтын боламыз», деді. 

 Елбасы Қазақстан жас мемлекет ретінде осы жылдардың ішінде біздің өңірдегі Италияның негізгі экономикалық және саяси әріптесі болу үшін бәрін жасағанын, нәтижесінде  көптеген дүниелерге қол жеткізілгенін атап көрсетті.

 «Қазақстанның Италиямен тауар айналымы Еуропалық Одақпен тауар айналымының 30 пайызын құрайды, бұл 14 млрд. доллардан астам. Италияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы айтарлықтай, 6-7 млрд. доллар көлемінде. Бүгінгі күні 97 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді», деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Елбасы Италияға сапары кезіндегі өткен келіссөздер жемісті болғанын, қазір екі елдің өзара қарым-қатынасындағы елеулі кезең екенін айтты. Өз кезегінде С. Берлускони Италия мен Қазақстан арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосып жатқан үлесі үшін Н. Назарбаевқа алғысын білдірді. «Біз екі ел арасындағы экономикалық байланыстарымызды айтарлықтай нығайтатынымызға сенімдіміз», деді ол.

Соңғы жаңалықтар