Қазақстан мен Италия парламентаралық диалогты жандандырмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейнеконференция режимінде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Луиджи Ди Майомен келіссөздері өтті.

Тараптар жоғарғы және аса жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтуға өзара қызығушылық танытты. Бұл ретте стратегиялық әріптестік рухында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға екіжақты бейілділік расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің бүкіл ауқымы бойынша, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда пікір алмасты. Сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, министрлер парламентаралық диалогты жандандыру және шарт-құқықтық базаны кеңейту жолдарын талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар халықаралық ұйымдарда екі елдің кандидатураларын өзара қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар